Басқа

Ескекші Инна Клинова әлем кубогы кезеңіне қатысты

Ескекші Инна Клинова әлем кубогы кезеңіне қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Венгрияның Сегед қаласында байдарка мен каноэ есуден әлем кубогінің кезеңі өтті. Аталған жарысқа қазақстандық Инна Клинова қатысты.

Инна Клинова 200 м және 500 м қашықтық бойынша екі санатта бағын сынады. 200 метрлік қашықтықта В финалына шығып, оны 4-ші орынмен аяқтады. Жалпы есепте ол 13-ші орынға жағасты.

Ал 500 метрлік қашықтықта отандасымыз іріктеу кезеңінен аса алмай, бірінші айналымда 7-ші орынға тұрақтады.

Айта кетерлігі, Сегедте өткен әлем кубогінің кезеңі коронавирус пандемиясынан кейінгі алғашқы әлемдік жарыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер