ММА

NFC 24 турнирінің жалпы карды жарияланды

NFC 24 турнирінің жалпы карды жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Naiza Fighter Championship (NFC) компаниясы NFC 24 турнирінің жалпы кардын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

NFC 24 турнирі аясында 10 жекпе-жек өтеді.

Ақтауда өтетін кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Фаниль Рафиков (17-4) пен Қанат Құлмағамбетов (6-5) кездеседі. Жекпе-жек жеңіл салмақта (70 келі) өтеді.

Турнирдің бас демеушісі - Parimatch букмекерлік компаниясы. Сонымен қатар, «Батыр» өнімдері де осы шараның демеушісі саналады.

Айта кетейік, NFC 23 турнирі осы жылдың 29 ақпанында Атырауда өткен болатын. Сол кештің басты жекпе-жегінде Исатай Теміров Максим Труновпен кездесті. Бұл кездесуде Теміров бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер