«Алда 10 ойын бар». «Астана» қорғаушысы чемпиондық талас туралы

«Алда 10 ойын бар». «Астана» қорғаушысы чемпиондық талас туралы
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» қорғаушысы Урош Радакович «Жетісуға» (3:0) қарсы кездесудің қалай өрбігенін, чемпиондық тартыс және команда құрамына бейімделу барысы туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб сайтына сілтеме жасап.

- Ойындағы тіркелген ірі есепке қарамастан, кездесу оңай болған жоқ. Бізге бұл жеңіс өте қажет болды, біз өз кезегімізде оған қол жеткізе алдық!

- Команда құрамына толықтай бейімделіп үлгердім дей аласыз ба?

- Иә, ол үшін мен команда мүшелеріне алғыс айтамын. Олар мені өте жақсы қабылдады, бейімделу тез әрі жылдам өтіп кетті. Сондықтан да дәл қазіргі сәтте толықтай бейімделіп үлгердім деп айтуға болады.

- «Жетісуға» қарсы кездесуде Ненад Эрич алаңға шыққан жоқ. Бұл қорғанысқа өз әсерін берді ме?

- Ненад – біздің капитан, команда көшбасшысы, сондықтан онсыз бізге қиынырақ. Дегенмен, Дима жақсы қақпашы екенін тағы бір дәлелдеп, кешегі кездесуде бізді қауіпті сәттерде құтқара білді!

- Сізді команда сапына Билек шақырды, ал қазір командамен Эшуорт жұмыс жасап жатыр. Полдың қол астында жаттыққан қалай екен?

- Полдың «Астана» тізгінін ұстағанға дейін бапкерлік қызметте тәжірибесі жеткілікті деңгейде болды. Сондықтан да ол бізден не қажет екенін анық көрсете алды. Кез келген бапкердің жұмысын нәтиже көрсетіп береді. Ал ол қазір бізде бар. Команда жеңіске жете бастады, чемпиондық талас жалғасуда. Бұл дегеніңіз команда және бапкер барлығын дұрыс жасап жатқанын көрсетеді.

- Чемпиондық талас туралы айтар болсақ, «Астана» «Қайраттан» 4 ұпайға қалып келе жатыр. Команда алматылық ұжымды қуып жете ала ма?

- Алда 10 ойын бар, сондай-ақ «Қайратқа» қарсы өткізетін екі кездесуде көп дүние шешілетін болады. Біз бірінші орынды иелену үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер