Әлем футболы

Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды

Роналду топ-5 лигада 450 гол соққан алғашқы футболшы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше А сериясының 2-турында «Ювентус» пен «Рома» 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Римдік клуб пенальтиден матч есебін ашты, Джордан Верету дәл соққы жасады. Бірінші таймның соңында Криштиану Роналду да пенальти орындап, есепті теңестірген. Көп ұзамай Верету дубль жасады. Ал екінші таймда Роналду тағы да есепті теңестірді.

Айта кетейік, осы дубльдің арқасында португалиялық футболшы Еуропаның топ-5 лигасында 450-голын соқты. Ол мұндай нәтижеге жеткен алғашқы футболшы атанды.

Роналду 311 голын мадридтік «Реалда», 84-ін «Манчестер Юнайтедте» және 55-ін «Ювентус» сапында соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер