«Қызыл-Жар» - «Қайсар» және «Шахтер» - «Каспий»: тікелей трансляция

«Қызыл-Жар» - «Қайсар» және «Шахтер» - «Каспий»: тікелей трансляция
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында екі матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Чемпионаттың 6-командасы «Қайсар» 9-орында келе жатқан «Қызыл-Жармен» кездеседі. Қазір «қасқырлар» үздік үштікке кіру үшін таласып жатыр, ал петропавлдық клубтың мақсаты - Премьер-лигада қалу.

«Шахтер» мен «Каспийде» де осыған ұқсас жағдай. 7-орында келе жатқан «кеншілер» 3-орыннан 5 ұпайға ғана қалып тұр. Ал ақтаулық клуб турнир кестесінің соңғы сатысында келеді.

«Қызыл-Жар» - «Қайсар» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. Ал «Шахтер» - «Каспий» кездесуі 17:00-де бастау алады. Тікелей трансляцияны QazSport телеарнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер