Әлем футболы

Васильев ойнайтын «Рух» қарсыласын тас-талқан етті

Васильев ойнайтын «Рух» қарсыласын тас-талқан етті
news-banner7
mobile-news-top

«Рух» Беларусь чемпионатының 25-турында өз алаңында «Слуцк» командасын 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Александр Седнев командасы, осылайша, екінші рет қатарынан жеңіске жетті: өткен турда «Рух» «Смолевичті» 6:0 есебімен жеңген болатын.

«Рухтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Владислав Васильев матчты толық өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

Еске салайық, «Рух» сапында Васильевтен бөлек тағы бір қазақстандық бар. «Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Александр Седневке Андрей Ферапонтов көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер