Басқа

Токио Олимпиадасына баратын ресми тұлғалардың саны 10-15 пайызға қысқартылмақ

Токио Олимпиадасына баратын ресми тұлғалардың саны 10-15 пайызға қысқартылмақ
news-banner7
mobile-news-top

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар шығындарды азайту бойынша ұсыныстар пакетінің аясында ресми тұлғалардың санын 10-15 пайызға қысқартуға ниетті.

Ойындар наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған. Енді оны ұйымдастырушылар да, Халықаралық Олимпиада комитеті де бұрын болып көрмеген бір жылдық кешігуге байланысты оны қосымша шығындардан жеңілдетуді көздеп отыр.

Атап айтқанда, ұйымдастыру комитеті нысандарды жарықтандыру мен қосымша қуат көздерінің санын азайтатын инфрақұрылым реформаларын ұсынды. Ойындарды жеңілдету шараларының аясында 52 пункт қарастырылып отыр.

Қайта қарау жоспары бойынша Олимпиаданың салтанатты ашылуы мен жабылуы рәсіміне адамдарды шақыру саны 20 пайызға қысқартылмақ, сондай-ақ ондағы тамақ пен сусынның мәзірі де қайта қарастырылады.

Енді бұл Олимпиадаға қатысатын ресми тұлғалар және олармен байланысты топтарға қоғамдық көлікпен жүруіне тура келеді. 121 күндік эстафетаның ұзақтығы өзгермегенімен, оның штаттық кестесі мен қызметтік көліктерді пайдалану қысқартылады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер