Жеңіл атлетика

Дохадағы «Гаухар лигасы» кезеңіне әлем чемпионаты мен Олимпиаданың 27 жүлдегері қатысады

Дохадағы «Гаухар лигасы» кезеңіне әлем чемпионаты мен Олимпиаданың 27 жүлдегері қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Катар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан «Гаухар лигасының» кезеңі өтеді. Әлемдік додаға Олимпиада мен әлем чемпионаттарында жүлде алған 27 спортшы қатысады.

Олардың арасында сырықпен секіруден екі дүркін әлем чемпионы Сэм Кендрикс, сырықпен секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Рено Лавиллени бар.

Әйелдер арасындағы спринт додасында екі дүркін әлем чемпионы Элейн Томпсон-Гера, әлем біріншіліктерінің бірнеше мәрте жүлдегері Мари-Жозе Та лу бар.

3000 метрге жүгіруден Хеллен Обири, кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы Беатрис Чепкоечтер сынға түседі. Доха карантиннен кейін әлемдік турнирді алғаш рет қабылдағалы отыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер