Әлем футболы

Месси Суареске: Сені осылай қуып шығуға лайық емес едің

Месси Суареске: Сені осылай қуып шығуға лайық емес едің
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси «Атлетикоға» ауысқан командаласы Луис Суареске арнап қоштасу хатын жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

– Cенің (Суарес - авт.) жоқтығыңа енді үйрене бастап едім. Бүгін киім ауыстыратын бөлмеге кіргенде барып сенің командадан кеткеңді ұғындым. Сенсіз алаңда да, оның сыртында да уақыт өткізу қиынға соғады. Біз сені сағынамыз. Ештеңе де ұмытылмайды.

Үстіңнен басқа жейдені көру, тіпті, саған қарсы ойнаудың өзін ойлағанда бойымды біртүрлі сезім билейді. Сен клуб тарихында біраз жетістікке жеткен маңызды ойыншылардың бірі болып қала бересің. Сені осылай қуып шығуға лайық емес едің. Бірақ қазір мені ештеңе таңғалдырмайды.

Өміріңнің жаңа белесінде бар жақсылықты тілеймін. Сені қатты жақсы көремін. Кездескенше, досым, - деп жазды Месси Instagram-парақшасында.



Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер