Күрес

Ділмұхамедов: Алдымда үлкен мақсаттар тұр

Ділмұхамедов: Алдымда үлкен мақсаттар тұр
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы карантиннен кейінгі жаттығу жиындарын бастап кетті. Команда мүшесі, 77 келіде белдесетін Асхат Ділмұхамедов ұзақ үзілістен кейінгі дайындық кезеңінің жемісті өтіп жатқанын айтады.

- Карантин кезінде де жаттығуды тоқтатқан емеспін. Бірақ командамен бірге дайындалудың қашан да бөлек екені рас. Қазір бапкеріміз Бақтияр Байсейітовпен бірге тынымсыз еңбектеніп жатырмыз. Алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Олимпиада қарсаңындағы маусым індетке тап болса да, еңсемізді түсірмейміз.

Өйткені, үлкен спорттық жарыстадың түбі оралатыны анық. Жаттығу жиыны жоғары деңгейде өтуде. Тамақ уақытылы, жатын орнымыз да тамаша. Бізге жаттығуға мүмкіндік бергені үшін басшылыққа алғыс айтамыз, - дейді Асхат.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер