Бокс

Серік Мұсәділов келесі айда рингке оралады

Серік Мұсәділов келесі айда рингке оралады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Серік Мұсәділов (7-0, 7 КО) өзінің алғашқы титулын жеңіп алғаннан кейін ұзақ уақыт рингтен тыс қалмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, 26 жастағы павлодарлық азаматтың келесі жекпе-жегі 17 қазанда Майамиде өтеді. Оның сегіз раундтық жекпе-жектегі қарсыласы 25 жастағы америкалық Джо Джонс (11-2, 8 КО) болады.

Еске салайық, Серік Мұсәділов Қазақстан уақытымен 25 қыркүйекте таңертең Майамиде өткен бокс кешінде екінші раундта АҚШ-тың тағы бір өкілі - Кент Холландқа (4-6-1, 2 КО) қарсы техникалық нокаутпен жеңіске жетті және бірінші ауыр салмақта бос тұрған ABF Атлантика чемпионы белбеуін жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер