Исламханның командасы Азия Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Исламханның командасы Азия Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан ойнайтын "Әл-Айн" (БАӘ) Азия Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңнің соңғы матчында "Әл-Айн" D квартетінің көшбасшысы Сауд Арабия клубы "Әл-Насырды" жеңді - 1:0. 19-минуттағы шешуші голды Лаба Кожо соқты. Исламхан негізгі құрамда алаңғы шығып, 63-минутта алаңдағы орынын басқа футболшыға босатты.

Жеңілгеніне қарамастан, "Әл-Насыр" 11 ұпаймен D тобында көшбасшылықты сақтап қалды. Катарлық "Әл-Садд' екі ұпайға қалып, екінші орынға тұрақтады. Ирандық "Сепахан" үшінші орында(7 ұпай). Соңғы орында "Әл-Айн" (5 ұпай) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер