Әлем футболы

«Бавария» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды

«Бавария» УЕФА Суперкубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Будапештте УЕФА Суперкубогы үшін болған матчта неміс командасы «Бавария» мен испаниялық «Севилья» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матчтың 13-минутында «Севилья» ойыншысы Лукас Окампос пенальтиден есеп ашты. Ал 20 минут өткен соң, Леон Горецка таразы басын теңестірді. 90 минут тең аяқталып, қосымша уақытта Хави Мартинес «Баварияның» жеңісті добын соқты.

Мюнхен клубы тарихында екінші рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

УЕФА Суперкубогы. Будапешт (Венгрия)

«Бавария» (Мюнхен, Германия) – «Севилья» (Испания) 2:1.

«Бавария»: Нойер, Эрнандес (Дэвис, 99), Алаба (Боатенг, 112), Зюле, Павар, Киммих, Горецка (Мартинес, 99), Зане (Толиссо, 70), Мюллер, Гнабри, Левандовски.

«Севилья»: Боно, Кунде, Навас, Эскудеро, Диего Карлос, Ракитич (Торрес, 56), Фернандо, Хордан (Васкес, 94), Окампос, Сусо (Гудель, 73), де Йонг (Эн-Несири, 56).

Гол соққандар: 0:1 – Окампос (13, пен), 1:1 – Горецка (34), 2:1 – Мартинес (104)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер