Теннис

Дмитрий Попко Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Дмитрий Попко Ролан Гарростың негізгі турниріне өте алмады.

Дүниежүзілік рейтингте 170-орында тұрған Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 155-ракеткасы, эквадорлық Эмилио Гомеспен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 4:2 есебімен алға шығып, оны тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Екінші сетте керісінше эквадорлық спортшы ойын тізгінін қолға алды – 4:2. Ол сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте Э.Гомес брейк жасап кетті – 6:5. Дегенмен Д.Попко да қалыспай, қайыра брейкке қол жеткізді – 6:6. Тай-брейкте эквадорлық теннисші жеңіске жетті – 7:6 (7:1).

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер