Басқа

Елордада Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады

Елордада Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтан қаласында ашылған балаларға арналған үлкен эко-алаңның бірінде танымал спортшылар Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тен бейнеленген мурал салынады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Сарайшық көшесіндегі көпірасты кеңістігіндегі жаңа қоғамдық кеңістік Триатлон және президент саябағын байланыстырады.

– Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Урбанистика орталығы әйгілі чемпиондар - Жақсылық Үшкемпіров пен Денис Тенге арналған граффити салу үшін қолайлы орын қарастырып жатыр. Спорт жұлдыздарының есімдері әрбір отандасымыздың есінде қалары сөзсіз, - дейді мамандар.

Бұған дейін осындай көпірасты кеңістік Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында салынған еді. Мұнда стритбол, скейт, воркаут және стрит-арт алаңдары ашылып, теннис үстелдері қойылды. Оған қоса Геннадий Головкин, Зарина Диас, Әлжан Жармұхамедов, Джеймс Леброн және басқа да әйгілі спортшылардың граффити-суреттері пайда болды.

Айта кетсек, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасап, жаңа тартылыс нүктелерін құру жұмыстары «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер – жоспары тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер