Жоао Паулоның жалғыз голы «Ордабасыға» жеңіс сыйлады

Жоао Паулоның жалғыз голы «Ордабасыға» жеңіс сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Ордабасы» мен «Қызыл-Жар» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Талғарда өткен ойын 1:0 есебімен шымкенттік команданың пайдасына шешілді. Кездесудегі жалғыз голды шабуылшы Жоао Пауло соқты.

Осы жеңісінен кейін «Ордабасы» 11 ойында 17 ұпай жинап, турнирлік кестенің екінші сатысына жайғасты. Бірақ олар өзге қарсыластарынан 2 ойын артық өткізген. Ал 7-ұпайы бар «Қызыл-Жар» 9-орында тұр. Ел чемпионатының қазіргі сәттегі көшбасшы - «Қайрат» (24 ұпай).

Айта кетейік, «Ордабасы» Жоао Пауло ел чемпионатында 7 ойын бойы қатарынан гол соқты.

ҚПЛ. 10-тур

«Ордабасы» - «Қызыл-Жар» - 1:0 (0:0)

Гол соққан: Пауло 72

«Ордабасы»: Плотников (Қ), Фонтанелло (К), Клещенко, Дмитренко, Төлебек, Досмағамбетов, Диакате, Бадибанга, Брижиду, Пауло, Хижниченко.

«Кызыл-Жар»: Лобанцев (Қ), Соколенко, Барановский, Делич, Андрюшкявичюс, Губанов, Коне, Платика, Драченко (К), Мульдинов, Корян.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер