Әлем футболы

Андрес Иньеста «Барселонаға» орала ма

Андрес Иньеста «Барселонаға» орала ма
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» экс-капитаны Андрес Иньеста күндердің бір күнінде каталониялық клубқа оралғысы келетіні туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барса» - менің үйім. Мен көп жылдарымды өткізген жерге қайта ораламын деп үміттенемін. Болжамаймын, бірақ мен кейіндеу Барселонаға оралғым келеді, - деп келтіреді Иньестаның сөзін испаниялық «Мундо Депортиво» басылымы.

Қазір 36 жастағы жартылай қорғаушы жапониялық «Виссел Кобе» клубында ойнайды. Тараптар арасындағы келісімшарт 2021 жылға дейін жасалған.

Иньеста – «Барселона» түлегі, 2002 - 2018 жылдар аралығында негізгі командада ойнаған. 675 матч өткізіп, 57 гол соққан және 140 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер