Әлем футболы

Франк де Бур Нидерланд құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Франк де Бур Нидерланд құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

50 жастағы Франк де Бур Нидерланд құрамасының жаңа бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік Soccernews.ru сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама ресми сайтының хабарлауынша, голландиялық маман 2022 жылға дейін келісімшартқа отырған.

Де Бур команданы Мексикаға қарсы жолдастық ойынға, сондай-ақ Ұлттар Лигасы аясындағы Босния және Герцеговина және Италия құрамаларымен болатын матчтарға қарсы дайындайды.

Еске сала кетелік, де Бур «Интер», «Аякс», «Кристал Пэлас» және «Атланта Юнайтед» командаларын жаттықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер