Жеңіл атлетика

Қазақстандық жеңіл атлеттер Польшадағы жартылай марафонға қатысады

Қазақстандық жеңіл атлеттер Польшадағы жартылай марафонға қатысады
news-banner7
mobile-news-top

17 қазан күні Польшаның Гдыня қаласында жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл спорттық дода әлемнің көптеген елінен келетін 7 мыңға жуық спортшының басын қосады. Марафонда Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Аталған жарыста 3000 метрге жүгіруден ел рекордының иесі Татьяна Нерознак пен ұзақ қашықтыққа жүгіруден жасөспірімдер арасындағы үздіктердің бірі Мадина Керімова қатысады.

Айта кетелік, жартылай марафоннан әлем чемпионаты 2020 жылдың 29 наурызына жоспарланған еді. Кейін індетке байланысты ағымдағы жылдың 17 қазанына ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер