Әлем футболы

Еуропаның үздік ойыншысы марапатына үміткерлер үштігі жарияланды

Еуропаның үздік ойыншысы марапатына үміткерлер үштігі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропаның 2019/20 маусымындағы үздік ойыншысы атағын үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздіктер үштігіне «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне, «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски мен оның командаласы Мануэль Нойер кірді.

Сондай-ақ жүлдеден үмітті болған тағы жеті футболшының есімі де белгілі. Олар: Лионель Месси («Барселона») және Неймар (ПСЖ), Томас Мюллер («Бавария»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Тьяго Алькантара («Бавария», «Ливерпульге» ауысты), Йозуа Киммих («Бавария») және Криштиану Роналду («Ювентус»).

Айта кетелік, марапаттау рәсімі 1 қазан күні Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі кезінде беріледі.

Еске сала кетелік, өткен жылы дәл осындай жүлдені «Ливерпуль» қорғаушысы Вирджил ван Дейк жеңіп алды.

Фото: UEFA.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер