Бокс

Еділ Қожамбердиев WBC Asia және WBA Asia тұжырымдары бойынша чемпион атанды

Еділ Қожамбердиев WBC Asia және WBA Asia тұжырымдары бойынша чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

23 қыркүйекте MTK Fight Night ұйымдастырған бокс кеші аясында Еділ Қожамбердиев пен Мухитдин Раджабовтың (Өзбекстан) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірден айта кету керек, Қожамбердиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақтағы кездесу кештің басты жекпе-жегі болды және 10 раундқа жоспарланған еді. Бәске WBC Asia және WBA Asia чемпиондық белбеулері тігілді.

Боксшылар әу бастан агрессивті қимылдап, көп соққы жұмсады. Үшінші раундтың ортасында Раджабов Еділді қатты соққылады, қазақстандық боксшы бірнеше рет тайып, тізесімн отырып қалған.

Үзілістен кейін Қожамбердиев төртінші раундта басымдықты өз қолына алып, төртінші раундта сауатты қимылдады. Раджабовтың секундтары жекпе-жекті жалғастырмауға шешім қабылдады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер