Бокс

Нұртас Әжбенов MTK Fight Night бокс кешінде жеңіске жетті

Нұртас Әжбенов MTK Fight Night бокс кешінде жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

23 қыркүйекте MTK Fight Night ұйымдастырған бокс кеші аясында Нұртас Әжбенов пен Аркадий Арутюнянның (Армения) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төрешілер жеңісті бірауыздан Әжбеновке берді. Жекпе-жек әу бастан 10 раунд болады деп жоспарлаған.

Бастапқы раундтарда жекпе-жек тең жағдайда өтті. Әжбенов әр минут сайын рингтің ортасында көбірек ойқастады. Ол төртінші раундта Арутунянды соққыларымен арқанға жабыстырып тастады. Кездесудің соңында да қазақстандық боксшының басымдығы байқалды.

Фото instagram.com/mtk_kazakhstan

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер