Нұртас Әжбенов MTK Fight Night бокс кешінде жеңіске жетті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз23 қыркүйекте MTK Fight Night ұйымдастырған бокс кеші аясында Нұртас Әжбенов пен Аркадий Арутюнянның (Армения) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Төрешілер жеңісті бірауыздан Әжбеновке берді. Жекпе-жек әу бастан 10 раунд болады деп жоспарлаған.
Бастапқы раундтарда жекпе-жек тең жағдайда өтті. Әжбенов әр минут сайын рингтің ортасында көбірек ойқастады. Ол төртінші раундта Арутунянды соққыларымен арқанға жабыстырып тастады. Кездесудің соңында да қазақстандық боксшының басымдығы байқалды.
Фото instagram.com/mtk_kazakhstan