Велоспорт

Алексей Луценко әлем чемпионатының жүлдесіне үміткерлердің қатарында

Алексей Луценко әлем чемпионатының жүлдесіне үміткерлердің қатарында
news-banner7
mobile-news-top

27 қыркүйек күні Италияның Имоле қаласында ерлер арасында топтық жарыстан әлем чемпионаты өтеді. Беделді Cyclingnews басылымы қазақстандық Алексей Луценконы жүлдеден үмітті шабандоздардың қатарына қосты.

Жарыстың басты фавориті Воута ван Арта деп санайды басылым. Одан бөлек Грег ван Авермат (Бельгия) пен Жюлиан Алафилипп те (Франция) жүлдеден үмітті.

«Тур де Франс-2020» кезеңінің жеңімпаздары Михал Квятковски (Польша), Марк Хирши (Швейцария) мен Алексей Луценконың (Казахстан) да жеңіске жетуі мүмкін екенін жазды басылым.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер