Басқа

Жетісулық джитсерлерді бразилиялық маман дайындап жатыр

Жетісулық джитсерлерді бразилиялық маман дайындап жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Джиу-джитсудан Алматы облысы Панфилов ауданының спортшылары әлемдік «Гранд-слэм» турниріне дайындалып жатыр. Халықаралық жарыс Мәскеуде қараша айының 22 күні жалауын желбіретпек. Жерлестеріміз үшін бұл бәсекенің маңызы зор. Осы себепті атлеттер Бразилиядан арнайы маман шақыртқан, деп жазады Prosports.kz сайты.

Дарлан Мораэс Алматы облысындағы Жаркент қаласының атлеттермен 6 айға келісім-шартқа отырған. Осыған орай джиу-джитсудың не-ваза систем түрі бойынша жергілікті жастарды жаттықтырып жатыр. Бразилиялық маман бапкерлікке бет бұрғанына 8 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде көптеген халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындаған. Ендігі мақсаты - Қазақстандық балуандар арасынан әлем чемпиондарын шығару.

Дарлан Мораэс

Дарлан Мораэс

ДАРЛАН МОРАЭС, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ҚАРА БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ:

«Бұл менің бапкерлік тәжірибемдегі ұзақ мергімге жоспарланған алғашқы шетелдік келісім-шартым. Қазақстанға келгеніме 1 ай болды. Байқағаным, жергілікті спортшылардың Бразилиялықтарға қарағанда физикалық деңгейі жоғары болып келеді екен. Сондықтанда мен олардың дене дайындығынан бұрын, техникалық шеберлігін шыңдауға күш саламын. Бұл қыз-жігіттердің арасынан майталман спортшылар шығарына кәміл сенем».

-Дарлан, сіз Қазақстанға келгеніңізге 1 айдан асыпты. Орыс, тіпті ағылшын тілін білмейді екенсіз. Португал тілінде ғана сөйлейсіз. Тіл мәселесі жергілікті халықпен араласқанда қиындық тудырмайды ма?

-Жаркентте жаттықтырушылардың бірі португал тілін біледі. Сол жігіт арқылы спортшылармен сөйлесем. Сонымен қатар, телефонымда португал мен орыс және қазақ тілдерін кезек-кезек аударатын қосымшасын жүктеп қойғанмын. Олда маған көмегін тигізеді. Қазақстан тұрғындары қонақжай, менің бөтенсің деп кеудемнен қағып көрген емес.Керісінше өздеріне тартып, есімімді қазақшалап Дархан дейді.

-Сіз Бразилияның қай өңірінен келдіңіз?

-Бразилияда Манаус деген қала бар. Ол Амазонка өзенінің жағасында орналасқан. Мен сол шаһардан боламын. Шыққан тегім осы өңірді ғасырлар бойы мекендеген Маноа тайпасынан. Жастаймнан жепе-жек өнеріне қызықтым. Дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу және не-ваза ситсем спортын серік еттім. Бразилия чемпионы болдым. Панамерика біріншгілігінің жүлдегері атандым. Уақыт өте келе жарыстарда алған жарақаттарым сыр бере бастады. Осыған байланысты спорттағы жолымды бапкерлікке алмастырдым.

-Сіздің келісім-шартыңыз 5 айдан соң аяқталады. Одан кейін еліңізге қайтасыз ба? Жоқ, әлі де басқа елдермен келісім-шарт жасасып, бапкерлігіңізді жалғастырасыз ба?

-Мен 5 ай ішінде Қазақстандық джитсерлерді жоғары деңгейге көтеріп, әлем елдері санасатындай етіп дайындағым келеді. Осылайша қазақ спортының дамуы жолында өшпес із қалдаруды мақсат етемін. Сондықтан келісім-шарт біткен кезде өзге жаттықтырушылар сияқты, жұмысты орта жолда тастап кетіп қалғым келмейді. Мен контарктты 2-3 жылға ұзарту жоспарымда бар.

-Қазіргі шәкіртеріңізге көңіліңіз тола ма?

-Әрине, Барлығы физикалық жағынан мықты. Өте еңбекқор балалар. Болашақта джиу-джитсудың не-ваза ситсем түрі Олимпиадаға кіріп жатса, осылардың арасында жеңімпаз шығатына сенем.

Жалпы, Панфилов ауданында 120 адам джиу-джитсудың не-ваза систем түрімен тұрақты айналысады. Олардың арасынан 10 атлет әлем чемпионы атанып үлгерді. Солардың бірі Диас Әнуар. Ол былтыр Біріккен Араб Әмірлігінде әлем чемпиона атанып, Грекиядан әлем кубогін иеленіп келді. Ендігі мақсаты - Мәсекеудегі халықаралық жарыстан жеңіспен оралу.

Диас Әнуар

Диас Әнуар

ДИАС ӘНУАР, ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕПИОНЫ:

«Мен джиу-джитсумен айналысқаныма 2 жарым жыл болды. Осы уақытта екі дүркін әлем чемпионы атандым.Егер осы спорт Олимпиада ойындарына кіретін болса, Олимпиада чемпионы болу менің мақсатым. Мамандар джиу-джитсудың жақын күндері Олимпиада ойындар тізіміне бекітілуі мүмкін деп отыр».

Джиу-джитсудың Жаркент қаласына келгелі 4 жылдан асқанымен былтыр ғана Панфилов аудандық спорт мектебіне тіркелген. Бұдан былай Панфилов аймағының басқа да елді-мекенінде бөлімдер ашу көзделіп отыр.

НҰРЛАН АЖЫНҰРОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПАНФИЛОВ АУДАНДЫҚ №2 БЖСМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бұл балалар күніне 2 рет дайындық жүргізеді. Неге десеңіз, әлемде бұл спорт түрі кеңінен дамып барады. Ол елдегі спортшылардың барлығы жерлестерімізге қарсылас болып есептеледі. Сондықтан балуандар шеберлігін шыңдап үнемі спорттық бабын жоғалпауға тырысады».

Мәскеудегі әлем кубогіне қатысатын Алматы облысы Жаркент қаласының спортшылары жүлдегер атануға барын салады, дейді бапкерлер. Олар қараша айында толық бабына келмек.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер