Бокс

Алматыда өтетін бокс кешінің тікелей трансляциясы

Алматыда өтетін бокс кешінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

23 қыркүйекте Алматыда үлкен бокс кеші өтеді, оның аясында бірден екі шара өтеді - MTK Fight Night және MTK Global Golden Contract, деп жазады Prosport.kz.

MTK Global Golden Contract қатысушылары плей-офф жүйесі бойынша турнир жеңімпазын екі салмақ категориясында анықтайды - 59 келіге дейін және 69 келіге дейін. Жобаның жеңімпазы ақшалай сыйақымен қатар, MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясымен келісімшартқа қол қояды. Бұл келісімшарт халықаралық аренада өнер көрсетуге мүмкіндік береді.

Ал MTK Fight Night бокс кешінің басты жекпе-жегі орта салмақтағы (63,6 келі) Нұртас Ажбенов ресейлік боксшы Аркадий Харатюнянмен жұдырықтасады. Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі 10-жекпе-жегі.

Бұл кеште жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері Талғат Шайкен кәсіпқой бокстағы екінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы өзбекстандық өте тәжірибелі боксшы Бахром Паязов. Өзбек боксшысы мансабында 30-дан астам жекпе-жек өткізіп, 15-ін нокаутпен жеңген. Ал Талғат алғашқы жекпе-жегін 23 тамызда MTK Fight Night турнирінде өткізді. Ол кезде өзінің отандасы Берікбай Нұрымбетовті жеңген болатын.

Сонымен қатар осы кеште Еділ Қожамбердиев қысқа үзілістен кейін рингке қайта шығады. Оның қарсыласы - өзбекстандық Мухитдин Раджабов. Бірінші ауыр салмақта өтетін жекпе-жекте WBC Asia және WBA Asia чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

Алматыдағы бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Алматыда MTK Golden Contract турнирі өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер