Бокс

Әлімханұлының қазан айында кездесетін қарсыласы ауысты

Әлімханұлының қазан айында кездесетін қарсыласы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) командасы кезекті жекпе-жек туралы соңғы жаңалықты жариялады, деп жазады Prosport.kz.

- Жаттығу жалғасып жатыр. Өкінішке орай қарсылас ауысып жатыр. Топ 15-тегі солақай қарсылас жаттығуда жарақат алыпты. Бүгін хабарлады. Промоутер 2-3 күнде жаңа қарсыластың есімін айтады. Бұл жолғысы өткендегісінен мықты әрі атақты болады деп сенеміз. Әрине жекпе-жекке аз қалғанда қарсыластың ауысқаны жақсы емес. Дегенмен біз кез-келгеніне дайынбыз, - деп жазды Жәнібектің командасы инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, 27 жастағы боксшының келесі жекпе-жегі 9 қазанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер