Әлем футболы

Ибрагимович 22 маусым қатарынан гол соқты

Ибрагимович 22 маусым қатарынан гол соқты
news-banner7
mobile-news-top

Италия А сериясының 1-туры аясында «Милан» өз алаңында «Болоньяны» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында екі гол соққан «Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович керемет жетістікке қол жеткізді.

«Болонья» қақпасын дәл көздеген Ибрагимович 22 маусым бойы үзбей гол соғып келе жатқан ойыншы атанды.

Швециялық шабуылшы алғаш рет 1999 жылы өз елінің чемпионатында гол соққан. Содан бері бірнеше елдің чемпионатында өнер көрсетіп, жыл сайын мергендік танытып келеді.

Айта кетейік, 38 жастағы ойыншы бұған дейін «Мальмё», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «Милан», ПСЖ, «Манчестер Юнайтед», «Лос-Анджелес Гэлакси» қатарлы командаларда өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер