Бокс

Талғат Шәйкен: Бахром Паязовты жеңу үшін барымды саламын

Талғат Шәйкен: Бахром Паязовты жеңу үшін барымды саламын
news-banner7
mobile-news-top

Болашағы зор үміт күттіретін қазақстандық кәсіпқой боксшы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында өзбек Бахром Паязовпен (22-0, 13КО) өтетін жекпе-жек туралы айтты.

- Талғат, сіздің кәсіби дебютіңіз Қазақстандағы карантиндік шараларға байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылды. Про-рингтегі алғашқы жекпе-жегіңізді өткізгенде қандай сезімде болдыңыз?

- Менің кәсіби дебютім 18 шілдеде жоспарланған болатын. Мен бұл күнге өте мұқият дайындалдым. Бокс кеші кейінге шегерілгенін білгенімде көңіп-күйім түсті деп айта алмаймын. Себебі маған бірінші жекпе-жекке жақсы дайындалу үшін көп уақыт керек болды. Сондықтан дебюттік жекпе-жегімді өткізіп, жеңіске жеткен кезде қуандым. Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген тәжірибелі қарсыласқа тап болдым. Рейтингте де жоғары тұрды.

- Ертең сіз кәсіпқой ретінде екінші жекпе-жекті өткізесіз.

- Иә, қарсылас - өзбек боксшысы Бахром Паязов. Сондай-ақ жеткілікті тәжірибелі боксшы. Ол 22 рет жеңіске жеткен, оның 13-ін нокаутпен жеңген. Мен жеңіске жету үшін және алдағы бокс кешінде Қазақстан мен Ақмола облысының атынан лайықты қатысу үшін бәрін жасаймын.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылар бүгін салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Шәйкен - Паязов жекпе-жегі ертең Алматыда өтеді. Бокс кеші сағат 15:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер