Велоспорт

Әлем чемпионаты: Ұлттық құраманың бас бапкері капитан кім болатынын айтты

Әлем чемпионаты: Ұлттық құраманың бас бапкері капитан кім болатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Тас жолдағы велоспорттан 2020 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әу баста Швейцарияда өтеді деп жоспарланған әлем чемпионаты осы аптада Италияда басталады. Біздің құраманың намысын «Астанада» өнер көрсететін алты шабандоз қорғайды. Олар: Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Дмитрий Груздев, Даниил Фоминых, Юрий Натаров және Вадим Пронский.

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан командасының бас бапкері Асан Базаевтың айтуынша, алдағы әлемдік сында команда капитаны міндетін Алексея Луценко атқарады. Бапкер жақында ғана «Тур де Франста» жақсы өнер көрсеткен Алексейдің әлем чемпионатына дайын екеніне сенім білдірді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық жарысында алты адаммен соңғы рет 11 жыл бұрын Швейцарияда өнер көрсеткен.

Коронавирус пандемиясына байланысты әлем чемпионатының Швейцарияда өтпейтіні тамызда белгілі болды. Кейінірек жарыс Италияға ауыстырылды.

UCI 2021 жылғы Әлемдік турдың күнтізбесін жариялады

«Астананың» үздік шабандозы командадан кетуі мүмкін

Луценко «Тур де Франстың» алтыншы кезеңінде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер