Бокс

Головкин Тайсонмен және басқа да аңызға айналған тұлғалармен бір қатарда орын алды

Головкин Тайсонмен және басқа да аңызға айналған тұлғалармен бір қатарда орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Twitter-де бокс туралы хабар тарататын танымал аккаунт The Squared Circle қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) сүйікті бес боксшысының тізіміне қосты.

Сондай-ақ бұл тізімде Майк Тайсон, Томас Хирнс, Марвин Хаглер және Джеймс Тонидің есімдері тұр.

Еске сала кетсек, 38 жастағы Головкин – ІBF және IBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Ол сондай-ақ WBC және WBA Super белдіктерінің иегері болды.

Геннадийдің қараша айында рингке оралып, онда Польша боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) IBF титулы үшін жұдырықтасатыны күтіліп отыр. Әзірге Головкин-Шеремета арасындағы жекпе-жек өткізілетін күн мен орны ресми түрде бекітілген жоқ.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер