Басқа

Әбдуәли Тастанов: Армрестлинг – қазақтың болмысына келетін спорт

Әбдуәли Тастанов: Армрестлинг – қазақтың болмысына келетін спорт
news-banner7
mobile-news-top

Армрестлингтен ардегерлер арасында Азия чемпионы Әбдәли Тастанов Алматы облысын аралап, шеберлік сабағын өткізіп жатыр. Оның ендігі сапары Панфилов ауданы болды. Білікті маманның басты мақсаты - ауыл-аймақтағы балалар арасынан қолкүресі өнерінің майталманын шығару,деп жазады Prosports.kz сайты.

Әбдуәли Тастанов Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан шалғай орналасқан аймақ жастарынан қолкүресі шеберін шығаруды көздейді. Жаркент өңіріне келуінің себебі де осы. Бұл аудан әлемге есімі таныс атақты балуандарымен белгілі. Бейжің Олимпидасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев және әлем чемпионатының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев шықты.

Нұбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері

Нұбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері

Демеу Жадыраев, грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Демеу Жадыраев, грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Осы атақты балуандардың тізіміне армрестлинг өнерінің майтанмандарын дайындап қоссам,- дейді Әбдуәли Тастанов. Жергілікті спорт әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қолкүресі спортын жақын таныстырды. Сонымен қатар, армрестлингтің физикалық тұрғыдан алғанда ұлтымызға жақындығы бар екендігін айтады.

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Адам баласының сүйегі 3-ке бөлінеді. Жіңішке, орта және жалпақ сүйек. Жіңішке сүйек армрестлингке жарамайды. Қанша дайындалса да жеңіске жете алмайсың, Тіпті, сынып кетеді. Ал,қазақтың сүйегі орташамен жалпақ болып келеді.Бұл нағыз қолкүресіне арналған. Біз әлем чемпионатында алғашқы үштіктен түсіп қорғеніміз жоқ. Соңғы дүниежүзілік бәсекеде 85 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Сонда жалпы командалық есепте 2-ші орыннан көріндік. Бір ғана медальді Ресейге жіберіп қойдық.Әйтпегенде 1-ші орынға жайғасар едік. Бізден кейін Грузия, Канада АҚШ болып кете береді. Армрестлингмен айналысқан адамда табиғи күште болуы тиыс. Ол да қазақтың бойына біткен қаситет».

Әбдуәли Тастанов

Әбдуәли Тастанов

Әбдуәли Тастанов шеберлік сабағы барысында қолкүресінің тәсілдерін көрсетті. Армрестлинг - қарапайым әрі бұқаралық спорт түріне жатады. Жарыс өткізсең шығыны аз, дайындалсаң шымыр болып шығасың, дейді маман.

ӘБДУӘЛИ ТАСТАНОВ, АРМРЕСТЛИНГТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Бұл спортты тамыту үшін тақта, гантель,жгуд, кір тасы және баланың ынтасы керек. Сонымен қатар жаттықтырушының қызығушылығы болса, чемпион шығары анық. Уақыт деген зыр ете қалады. Кеше ғана жас бала едік, қазір 60-тан асып кеттік. Сондықтан жастарды спортқа тартып, жақсы тәрбие беруіміз керек. Қолкүресін меңгерген адам жат қылықтардан алыс боларына кәміл сенем.»

Панфилов ауданының спорт әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалымдері білікті бапкердің айтқанын мұқият тыңдады. Жаттығуда қолданылатын барлық әдістердіжазып алып, сұрақтарын қойды. Тәжірибесін арттыруға тырысты.

БАУЫРЖАН ИМАНҚҰЛОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

«Біз ауданымызда бұқаралық спортты дамытсақ дейміз. Соның бірі осы Армрестлинг. Арнайы үйірме ашық жастарды тарту ойымызда бар. Сондықтан Әбдуәли Тастановтан білмегенімізді үйреніп, шеберлік сабағына қуана қатысып отырмыз».

Шеберлік сабағына оқушылар да қатысты. Олар да армрестлингке қызыққандығын айтып, бұл спорт түрін серік етуді жоспарлап отырғандығын жеткізді. Әсіресе қыздар жағы ерекше белсенділік танытты.

Шұғыла Ахметжан

Шұғыла Ахметжан

ШҰҒҰЛА АХМЕТЖАН, ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен 5 жылдан бері волейболмен айналысамын. Бүгін қолкүресі шебері Әбдуәли ағамыз ауданымызға арнайы келіп, армрестлинг спортын таныстырды. Сабағында қолкүресінің айла-тесілдерін түсіндірді. маған өте қатты ұнады. Болашақта ауданымызда осыған байланысты үйірмелер ашылып жатса, бірінші болып жазылып, қатысуға дайынмын».

Әбдуәли Тастанов өзімен ала келген 2 қолкүресі тақтасын Жаркенттік тұрғындарға сыйға тартты. Ол шеберлік сабағын енді Алматы облысының Райымбек, Кеген және Сарқан ауданында өткізуді жоспарлап отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер