Басқа

Алматы облысында 1,171 миллиард теңгеге салынып жатқан спорт кешені құлады

Алматы облысында 1,171 миллиард теңгеге салынып жатқан спорт кешені құлады
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысының Шонжы ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты құлады.

Ғимараттың құрылысы 2019 жылы басталып, 2020 жылдың соңында тапсырылуы керек еді. Алдын-ала мәлімет бойынша құрылысқа 1,171 миллиард теңге бөлінген.

Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимарат неге құлады деген сұраққа жауап бере алмай отыр. Жақын арада объектіге тергеу жүргізетін арнайы комиссия келуі тиіс.

«Мамандар тергеу жүргізеді. Күндіз тек темір құлады. Тек бір жерде шатыр құлады. Қазір ешқандай мәлімет айта алмаймы», деп түсіндірді Нұрахынов.

Еске салайық, Алматы облысының Шонжы ауылына бүгін, сағат 10:00 шамасында тексеру комиссиясы баруы тиіс болған.

Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер