Теннис

Дэйф Майли Қазақстан теннис фендерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды

Дэйф Майли Қазақстан теннис фендерациясының атқарушы директоры болып тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Танымал теннис қызметкері Дэйв Майли Қазақстан теннис Федерациясының құрамына қосылды.

Ұлттық федерацияның мәліметінше, федерацияның атқарушы директоры ретінде ол теннистің дамуын қадағалайды.

Дэйв Майли 25 жылдан астам Халықаралық теннис Федерациясының (ITF) басқарушы лауазымдарында жұмыс істеді. Ол 10 жасқа дейінгі ойыншыларды дамыту бойынша ITF бағдарламасының бастамашысы және бас авторы болды.

Бұл бағытта әлемдегі ең білікті мамандардың бірі болып саналады. Сонымен қатар, Жасөспірімдер мен мүгедектер арбасы теннисін дамыту саласында үлкен тәжірибесі бар. Майли әртүрлі жасөспірімдер турнирлерінде аралас рейтингтің енгізілуіне және жаттықтырушыларға арналған әлемдік дайындық стандарттарының енгізілуіне жауап берді.

Ол шамамен 15 жыл бойы ITF медициналық комиссиясының мүшесі болды, оның құрамында допингке қарсы бағдарламалар желісі бойынша теннис федерацияларының жұмысын ұйымдастыруға қатысты.

Қазақстан теннис Федерациясының жаңа атқарушы директоры ITF-тің аймақтық қауымдастықтармен, Олимпиада комитетімен жұмысын бақылап, Олимпиада, Паралимпиада және Азия ойындарын ұйымдастыруға қатысты.

Сонымен қатар, Дэйв Майли теннис саласындағы тәжірибесімен бөліседі, жаттықтырушыларға арналған бірнеше арнайы басылымдардың және көпшілікке арналған теннис тарихы туралы кітаптардың авторы.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер