Велоспорт

Александр Винокуров: Командаға үлкен жұмысы үшін рахмет

news-banner7
mobile-news-top

Александр Винокуров "Тур де Франс" жарысының аяқталған соң командаға алғысын білдірді.

Қазақстандық "Астана Про Тим" велокомандасының бас менеджері инстаграмдағы ресми парақшасында жарысты қысқаша қорытындылаған.

"Ақыры біз Парижге келдік! Маусымның қайтадан басталуын ұзақ әрі тағатсыздана күттік және де бұл керемет 3 апта болды. Екі кезеңде фантастикалық жеңіске жеттік. Әрине, жеңіс тұғырына көтерілу өте жақсы болар еді, бірақ біз оны келесі жолы жасаймыз! Командаға үлкен жұмысы үшін рахмет! Біз әрі қарай тоқтамай жылжи береміз!", - деген Александр Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер