Теннис

Александр Бублик Гамбургтегі турнирдің негізгі кезеңінде ойнайды

Александр Бублик Гамбургтегі турнирдің негізгі кезеңінде ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гамбургте (Германия) өткен ATP сериялы турнирінің негізгі кезеңінде ойнау құқығын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыста Бублик турнирден шығып қалған Диего Шварцманды алмастырады. Аргентиналық спортшы 21 қыркүйекте Римдегі финалда ойнайды. Бас кубок үшін Шварцман әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен шеберлік сынасады.

Германиядағы негізгі кезеңнің алғашқы ойында қазақстандық теннисші испан спортшысы Альберто Рамос Виньоласпен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Бублик Гамбургтегі турнирдің іріктеу кезеңінен өте алмаған еді. Екінші іріктеу кезеңінде ол АҚШ өкілі Томми Полдан 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер