Басқа

Қазақстандық спортшы спорттық құзға өрмелеуден Чехияда жүлде алды

Қазақстандық спортшы спорттық құзға өрмелеуден Чехияда жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық құзға өрмелеуден Чехияның ашық біріншілігінде қазақстандық Ришат Хайбуллин қола жүлдегер атанған болатын. Спортшы аталған турнир туралы ойымен бөлісті.

«Өзім қол жеткізген нәтижеге көңілім толады. Өйткені, бұл жарыстағы бәсекелестік өте жоғары деңгейде болды. Біздің спорттағы аңыз адамдармен бір қатарда тұрып, жүлдегер атанғаныма қуаныштымын.

Әрине, өзімнің нағыз спорттық бабыма ендім деп айта алмаймын. Бірақ «боулдеринг» бойынша өзімнің нәтижем мен көрсеткіштерімді жақсарта алғаныма ризамын», - дейді Хайбуллин.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер