Басқа

Жетісулық самбошылар әлем кубогына дайындалып жатыр

Жетісулық самбошылар әлем кубогына дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Самбо күресінен Алматы облысының құрама командасы Текелі қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жерлестеріміз тауда жалпы дене дайындығын өткізіп, спорт залда шеберлігін шыңдайды. Балуандардың басты мақсаты - Мәскеуде жоспарланған әлем кубогінде топ жару. Халықаралық турнир жыл аяғында өтеді, деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Ресей астанасында жоспарланған әлем кубогын иеленуге басты үміткердің бірі - Ділдәш Құрышбаева. Ол 68 кг. салмақ дәрежесінде ел намысын қорғамақ. Азия ойындарының жеңімпазы, Дүниежүзілік чемпионаттың бірнеше мәрте жүлдегері қазір бабына келіп қалған. Оң жамбасына келетін әдістерді қайталап, бірқатар тәсілді жаттығуда жетілдіріп жатыр.

Ділдәш Құрышбаева

Ділдәш Құрышбаева

ДІЛДӘШ ҚҰРЫШБАЕВА, САМБО КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Карантин кезінде оқу-жаттығу жиындары болмай қалды. Соның кесірінен жоспарланған бірқатар жарыстар кейінге шегеріліп, қатыса алмай қалдық. Спорттық бабымыздан ауытқып кетпес үшін үйде жаттықтық. Бірақ, үйдегі дайындық спорт залда құрама командамен бірлесіп өткізген дайындыққа жетпейді. Қазір бас жаттықтырушы бірқатар тапсырламалар беріп, сол бойынша бұлшық етімізді шыңдап, күрес тәсілдерін қайталап жатырмыз».

-Ділдәш, қазір теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте оқу-жаттығу жиынын жүргізіп жатырсыздар. 6 ай бойы жазықта жалпы дене дайындағын өткіздіңіздер. Бірден тауға шықып, шыңдалу қиындық туғызған жоқ па?

- Біз арнайы кесте сызып, сол бойынша жаттығуымызды өткіземіз. Мысалы, бір күні тауға шығып, жүгіреміз. Екінші күні зілтемірлер көтеріп, бұлшық етімізді күшейтеміз. Карантиннен кейін азда болса босап қалыппын. Осы жаттығу жиынында өзімды қайта қалпыма келтіріп жатырмын. Сүйікті әдісім бар. Ол диірмен. Арқадан асыра лақтыру. Соны қайта қайталап, шыңлаудамын. Әлем біріншілігіндегі қарсыластарымның барлығын жақсы білімін. Барлығының осал тұстарында білмін. Олармен күресуде қандай тактикалыр қолдану керектігінде жақсы зерттедім. Менің басты қарсыласым, Ресейлік спортшармен Моңғол балуандары болып есептеледі. Олармен талай рет боз кілемде кездесіп, күш қарымымды сынағанмын. Жеңген кездерімде болды. Әттеген-ай! - деген тұстарда орын алды.

57кг. салмақта Ербол Алдухан әлем кубогіне қатысудан үмітті. Ербол үшін осы жыл табысты басталды. Ел біріншілігінде күміс медальға ие болса, халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.

Ербол Алдухан

Ербол Алдухан

ЕРБОЛ АЛДУХАН, САМБО КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Кілемді сағынып қалыппын. 6 айдай бөз кілемде күреспедім. Бабыма қайта кіріп келе жатырмын. Жыл басында Атырау қаласында өткен Қазақстан чемпионатында финалда жергілікті балуанға жеңілып қалған едім. Келер жылы қаңтарда ел біріншілігі өтіп жатса, қарымта кездессем, кеткен есемді қайтаруға тырысамын. Қазақстан чемпионы болуға менің барлық мүмкіндігім бар. Тек самбо күресіндегі әдіс-тәсілдерді қайталап, дайындалуым керек. Жаттығуға жақсы жағдай қарастырылған».

Самбодан Азия чемпионы Ербол Алдухан қазақ күресінде жақсы меңгерген. Ұлттық спорт түрі бойынша құрлық біріншілігінде топ жарды. Енді Мәскеу қаласынан әлем кубогын иеленіп қайтсам, дейді ол.

ЕРБОЛ АЛДУХАН, САМБО КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ:

«Екі күресті қатар алып жүрмін. 2017 жылы самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иелендім. 2018 жылы қазақ күресінен осы нормативті орындалым. Қазақ күресінен қараша айында Қазақстан чемпионаты болады, деп жоспарланып отыр. Ол жерде чемпион атанғандар әлем, Азия чемпионатына жолдама алады. Сондықтан мен ол біріншілікке де жақсы дайындықпен барамын деп отырмын».

-Ербол, өзің бұл спортқа қалай келдің?

-Мен, Алматы облысы Кербұлақ ауданының тумасымын. 1995 жылы дүниеге келдім. Менің балуан болуыма әкем Еркін Қожахметов тікелей себепкер болды. Ол самбодан аудан құрамасын жаттықтырды. Менің алғашқы бапкерім. Одан балуандық өнердің әліппесін үйрендім. Қазір самбо мен қазақ күресінен Азия чемпионы атандым. Енді әлем чемпионы болып қазақтың туын көкте желбіретсем деймін.

Биыл қыста өткен Қазақстан біріншілігінде Алматы облысының спортшылары 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Одан соң Коронаіндетке байланысты жарыстар тоқтап, балуандар үйлеріне жіберліп, оқшау дайындалған еді. Қазір спортшыларды қайта жинаған аға бапкер шәкірттерінің бабынан таймағанын айтады. Алматы облысы құрамасын бірнеше топқа бөліп, кезегімен залда жаттықтырады

БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, САМБО КҮРЕСІНЕН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

«Мәскеуде болатын әлем кубогына Жұмабаева Динара, Құрышбаева Ділдәш, Қуатай Арнұр, Алдухан Ербол қатысады. Жарысқа дейін бұл спортшылар бабына келеді. Олар жаһандық сында медальсіз қайтпайды деген үміттеміз. Өйткені, барлығы бұған дейін халықаралық деңгейде өткен жарыстарда бір емес, бірнеше рет күресіп жеңіске жеткен сақа балуандар».

Болат Қожахметов

Болат Қожахметов

Алматы облысы самбо күресі шеберлерінің Текелі қаласындағы оқу-жаттығу жиыны 15 күнге жоспарланған. Одан соң балуандар Шымкент қаласына аттанып, еліміздің ұлттық құрамакомандасымен бірге дайындалатын болады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер