Басқа

Алты ай үзілістен кейінгі алғашқы жарыс

Алты ай үзілістен кейінгі алғашқы жарыс
news-banner7
mobile-news-top

Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында қалалық чемпионат өтті. Оған тастаяқты шебер меңгерген 12 адам қатысты. Спорттық шара бильярдшылар үшін аса маңызды. Өйткені, жеңіске жеткендер Алматы облысының біріншілігіне жолдама алады. Сонымен қатар, республикалық және халықаралық турнирлерге қатысу құқына ие болады,деп жазады Prosports.kz тілшісі.

Бильярдшылар бәсекесі Алматы облысындағы 6 ай үзілістен кейінгі ұйымдастырылған алғашқы ресми жарыс. Сондықтан да болар Талдықорғандық тастаяқшылар спорттық шараны мереке ретінде қабылдады. Жарысқа жақсы дайындалып келгендерін дәлелдеуге тырысты. Олардың әрқайсысы карантин кезінде оқшауланып жаттыққандығын айтады. Бұл турнирдің өтуіне қалалық арадегерлер ұйымы ұйтқы болыпты.

АҚШАБАЙ КЕРІМБЕКОВ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Ардагерлер ұйымы жылдық жоспарын жасайды. Оның ішінде көптеген өткізетін іс-шаралар болады. Соның бірегейі осы бильярд ойынынан болатын ардагерлер арасындағы жарыс.Біз індетке байланысты уақытын созып алдық. Бірақ бүгін дайындығын жасап, жарыстың өтуіне қол жетізіп отырмыз. Шекеу шаралары жұмсарса да оның талаптары бар. Оны ескермесе тағы болмайды. Сондықтан талаптарға сәйкес спорттық доданы ұйымдастырып жатырмыз. Бұл Талдықорған қаласы әкімінің көмегімен жасалып жатқан дүние. Ақшалай және бағалы сыйлықтарды алуға әкімдік жәрдемдесті. Бұл жалғасын табады. Біздің жоспарда шахмат бар. Дойбы, үстел теннисін өтетін жарыстар алда тұр. Оны жылдың аяғына дейін біз өткізіп тастауымыз керек. Қатысқан адамдарға сәттілік тілейміз».

Тастаяқшылардың айтуынша бильярд спортының адамға берер пайдасы көп. Мәселен, көз мергендігімен геометриалық ой-өрісіңіз кеңейеді. Сонымен қатар өкпеңіз тазарып, денсаулығыңыз нығаяды. Өйткені, бильярдшы жарыс барысында ойын үстелін айналып, 2-3 шақырып жүріп өтетін кездері аз емес, дейді Бақыт Тұғанбаев. 66 жастағы зейнеткердің тастаяқты серік еткеніне 40 жылдан асыпты.

Бақыт Туғанбаев

Бақыт Туғанбаев

БАҚЫТ ТУҒАНБАЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:

«Зейнет жасындағы біз сияқты адамдар үшін бильярд икемді, қажетті спорт, деп айтар едім.Үлкен физикалық қысым жоқ. Емін-еркін ойнайсың. Үстелді айналып жүріп, қаншама шықырым жүргеніңді байқамай да қаласың. Сондықтан осы ойынды жақсы көрем. Жастарға да үлгі болса екен деймін. Күнделікті 3-4 сағат ойнауға болады.Тынысыңды кеңейтетін спорт десем қателеспеймін деп ойлаймын».

Талдықорған қаласының бильярдшылары Алматы облысы құрамасының денін жасақтайды. Сондықтан болар, олардың өзарасындағы бәсекесі қызықты әрі тартысқа толы өтеді. Мамандардың айтуынша соңғы 3 жылдан бері Жетісу өңірінің спортшылары командалық есепте республикада үздік үштіктен көрініп жүр.

ТОҚТАР ЕСІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ БИЛЬЯРД ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Бізде ардагерлердің командасы бар. Ол екі топтан тұрады. Бірі 50 жастан 63-ке дейін. екіншісі 63-тен жоғары жастағы бильярдшылар.Әр команда да 7 адамнан. Осы 3 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында болған 5 жарысқа қатыстық. Көбі халықаралық жарыс еді. Өскеменде 2 рет болдық. Шымкент қаласында да екі рет, Алматыдағы 4 бәспекеде өнер көрсеттік. Алматы облысының спортшылары барлығында жақсы жетістіктерге жетті. Өткеменде командалық есепте бірінші орын алдық. Нұр-Сұлтанда 2 орын алдық. Шымкентте 3 орын алдық».

Жалпы, Алматы облысының бильярд федерациясы 2017 жылы құрылды. Содан бері бұл ұйым Жетісу өңірінде түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізіп келеді. Сонымен қатар, жас ерекшеліктері бойынша спортшыларды бірнеше топқа бөліп, еліміздің әр облысында өтетін турнирлерге апарады.

ТОҚТАР ЕСІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ БИЛЬЯРД ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

«Біздің құрамада шебер ойнайтын азаматтарымыз бар. Шалқыбеков Асқар, Кәрібаев Марат, Торғаев Жанат, Туғанбаев Бақыт деген азаматтар. Әрине, Алматы облысы дене шынықтыр және спорт басқармасының басшылығы тарапынан жақсы көмектер болып тұрады. Жарыстың жоспарын жасаймыз. Ел көлемінде өтетін жарыстарға бару үшін спортшылардың жол ақысын, жатар орынын спорт басқармасы өз мойынына алып, барлығын төлеп қояды. Үлкен рахмет».

Бұл жарыс тастаяқтың «Мәскеу Пирамидасы» бойынша өтті. Спорттық шараға қатысушылар өзара 3 топқа бөлінген. Ардагерлер барын салып, жүлдегер атануға тырысты. Нәтижесінде Бауыржан Темірғалиев Талдықорған қаласының чемпионы атанды. Оған финалда есе жіберген Бақыт Туғанбаев күміспен күптелді. Қол жүлдені Серік Мұқанов пен Самат Мырзахметов өзара бөлісті. Үздік өнерімен көзге түсіп, жүлдегер атанғандар Алматы облысы чемпионатына жолдама алды. Олар өңір біріншілігіндегі қарсыластарын жақсы таниды. Сол турнирде де алғашқы үштіктен көрініп, республикалық додаға қатысу- басты мақсат!-дейді Талдықорғандық тастаяқшылар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер