Әлем футболы

Исламханның командасы бүгін Чемпиондар лигасының кезекті матчын өткізеді

Исламханның командасы бүгін Чемпиондар лигасының кезекті матчын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

22 қыркүйекке қараған түні қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан ойнайтын «Әл-Айн» азиялық Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында «Сепаханмен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Исламханның командасы, осылайша, соңғы алты күнде үшінші матчын өткізеді. Бір апта ішінде «Әл-Айн» катарлық «Әл-Садд» командасымен екі рет кездесіп, біреуінде тең түскен, ал біреуінде 0:4 есебімен жеңілген.

Айта кетейік, «Әл-Айн» Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылған - команда төрт матчта бір ғана ұпай еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер