Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев: Кілемде белдесе күнді асыға күтіп жүрмін

Алмат Кебіспаев: Кілемде белдесе күнді асыға күтіп жүрмін
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Щучинск қаласындағы «Жақсы» базасында оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Команда капитаны Алмат Кебіспаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, балуандардың дайындығына тоқталды.

«Спортшылар жиынды, кілемді сағынды. Бәріміздің күрессек деген ынтамыз зор. Кейде бапкерлеріміз бізді тоқтатуға мәжбүр болады. Өйткені, қажетті бабымызға ену үшін біртіндеп күш алу керек. Қазіргі кезде техниканы реттеп, әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, денемізді физикалық жаттығуларға үйретіп жатырмыз. Қалыпты жағдайға еніп келеміз десем де болады.

Күнделікті жұмыс режиміне ену қиын болды деп айта алмаймын. Өйткені, үйде қарап отырған жоқпыз. Тек спаррингтік кездесулерде әлсіздік танытып жатқанымыз рас. Карантин кезінде жұптасып дайындалу мүмкін болмады. Ең бастысы – балуандардың дені сау, бәрі де тас-түйін дайын. Жаттығуға да, халықаралық жарыстарға да дайынбыз.

Коронавирусқа қатысты әлемдегі ахуалдың тезірек реттелуін асыға күтіп жүрміз. Әзірге, дайындықты жалғастырамыз», - дейді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер