Әлем футболы

Зидан Гарет Бэйлдің «Тоттенхэмге» ауысуы туралы не дейді

Зидан Гарет Бэйлдің «Тоттенхэмге» ауысуы туралы не дейді
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан шабуылшы Гарет Бэйлдің «Тоттенхэмге» ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бэйлдің мен үшін кететіні туралы айтылып жатқан сөздер мені алаңдатпайды да, өйткені ол ақиқат емес. Біздің арамызда ешқандай проблема болған емес. Оның мадридтік клубпен қол жеткізген жетістіктерін ешкім тартып ала алмайды. Мен оған бар жақсылықты тілеймін.

Оның «Реалда» қол жеткізген жетістіктері ғаламат. Ол көптеген кубок жеңіп алып, өз деңгейін көрсете білді. Бірақ ол кейінгі кезде өз деңгейін көрсете алмағаны рас, бірақ бұған бірнеше себептің бары анық», - деп келтіреді Зиданның сөзін Маrcа басылымы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер