Дзюдо

Елдос Жұмқанов: Жарыстың атмосферасын сағынғанымыз анық

Елдос Жұмқанов: Жарыстың атмосферасын сағынғанымыз анық
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарына қазан айында кіріседі. Ұлттық құрама мүшесі Елдос Жұмақановтың айтуынша, биыл дзюдодан Азия чемпионаты өтуі мүмкін. Сондай-ақ, спортшылардың жарысты сағынғанын да жасырған жоқ.

– Жоспар бойынша біздің оқу-жаттығу жиынымыз 12 қазанда басталады. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиынымыз болғандықтан тағатсыздана күтіп жүрміз.

Десе де, қазір спорт залдар мен жаттығу жасайтын нысандар ашық. Ұлттық құраманың бас бапкерінің арнайы тапсырмасы бойынша күнделікті жаттығуды уақытылы жасап жүрміз және де жеке жаттықтырушылардың қатаң бақылауындамыз.

Әлемдегі жағдай тұрақталса, биыл Азия чемпионаты өтуі мүмкін. Соған дайын болу үшін қазірден спорттық формамызды жоғалтып алмауымыз керек. Жарысқа қатысып, бәсекелестікті сезінбегелі де жарты жылдан асты. Турнирлердің атмосферасын сағынғанымыз анық, - дейді дзюдошы Елдос Жұмақанов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер