Әлем футболы

«Тоттенхэм» Бэйлді жалға алу үшін қанша ақшаға шығындалады?

«Тоттенхэм» Бэйлді жалға алу үшін қанша ақшаға шығындалады?
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» шабуылшысы Гарет Бэйлді Лондонның «Тоттенхэміне» жалға беру үшін қанша табыс табатыны белгілі болды.

Клубтар футболшыны бір маусымға жалға алыс-беріске келіскен. Форвардтың жалақысының бір бөлігін Мадридтің «Реалы» төлейді. Дәлірек айтқанда, Гарет Бэйлдің қазіргі жалақысы аптасына 650 мың еуроны құрайды. Оның тек 240 мың еуросын лондондық команда төлеуге әзір.

«Тоттенхэм» Гарет Бэйлді бір жылға құрамына қосу үшін 10 миллион еуроға шығындалады.

Еске сала кетелік, Бэйл бұған дейін «Тоттенхэм» сапында 2007-2013 жылдар аралығында ойнаған.

31 жастағы Бэйл «Реал» сапында 2013 жылдан бері ойнайды. Ол клуб сапында 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пасы тағы бар. Жалпы, корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер