Бокс

ВИДЕО. Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жаттығуын жалғастырып жатыр

ВИДЕО. Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста жаттығуын жалғастырып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне қарқынды дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібектің жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» МакГирт өзінің инстаграмында 27 жастағы қазақстандықтың жаттығуынан видео жариялады.

Жәнібек Әлімханұлының рингке оралуы 9 қазанға жоспарланған. Ол Лас-Вегаста MGM Grand-тағы The Bubble бокс кешіне қатысады. Қарсыласының есімі әлі белгісіз.

Еске салайық, өткен жылғы қарашада Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен алдыңғы жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы алтыншы раундта канадалық боксшы тегі нигериялық Альберт Онолунозені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа жіберген болатын.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер