Бокс

Арман Рысбектің қарсыласы өзгерді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Арман Рысбектің (7-0, 6KO) Ресейде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы өзгерді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін 29 жастағы Арман Рысбек (7-0, 6KO)жергілікті спортшы, 31 жастағы Гамзат Газалиевпен (4-0, 4KO) жұдырықтасуы қажет еді. Бүгін белгілі болғандай, қазақстандық боксшы Беларусь өкілі Михаил Долголевецпен (2-0, 2 КО) кездеседі.

Айта кетейік, аталмыш кеште жартылай орта салмақта бақ сынайтын 28 жастағы Бобиржан Моминов (11-0, 8КО) 34 жастағы ресейлік Вагинак Тамразянмен (17-7, 5КО) жұдырықтасады. Сондай-ақ, 18 жастағы жас боксшы Дастан Садуұлы (3-0, 3КО) шаршы алаңға шығады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер