Қысқы

Мақсат Шаранов биатлоншылардың қалай жаттығып жатқаны туралы айтты

Мақсат Шаранов биатлоншылардың қалай жаттығып жатқаны туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ұлттық құраманың бас бапкері Мақсат Шаранов алғашқы жиынның қалай өтіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Prospors.kz.

«Бастапқыда біз төтенше жағдайды былай ұзаққа созылады деп ойлаған жоқпыз. Карантин уақыты ұзартылып, бәріміз үйде оқшауланып қалғаннан кейін үй жағдайында қалай дұрыс жаттығуға болатыны туралы ойланып, жоспар құра бастадық. Бапкерлер құрамымен ақылдасып, спортшыларға арнайы жоспар дайындадық. Спорт әлеміндегі түбегейлі өзгерістерге қарамастан, спортшылар шектеулерді ескере отырып, үй жағдайында жаттығу барысында барлық мүмкіндікті пайдаланды. Қазір әлемде және Қазақстанда жағдай реттелгеннен кейін оқу-жаттығу жиынына оралып, Алматы облысының Талғар шатқалында жаттығып жатырмыз. Алғашқы оқу-жаттығу жиынымыз 3 қазанға дейін жалғасады», - дейді бас бапкер.



Айта кетейік, 3 қыркүйек басталған жаттығу жиынына 12 биатлоншы қатысып жатыр, олар: Вишневская Галина, Кондратьева Анастасия, Бельченко Елизавета, Ахатова Людмила, Климина Дарья, Браун Максим, Тұрлыбеков Бекентай, Дельдеш Дастан, Мухин Александр, Киреев Владислав, Белецкий Данил және Сирик Сергей

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер