Әлем футболы

«Қайтқан малда қайыр бар». Гарет Бэйл «Тоттенхэмге» оралады

«Қайтқан малда қайыр бар». Гарет Бэйл «Тоттенхэмге» оралады
news-banner7
mobile-news-top

«Реалдың» уэльстік шабуылшысы Гарет Бэйл Лондонның «Тоттенхэміне» оралады, деп хабарлайды Prosports.kz Бұл ақпаратты Daily Mail таратты.

Газеттің хабарлауынша, клубтар футболшыны бір маусымға жалға алыс-беріске келіскен. Форвардтың жалақысының бір бөлігін Мадридтің «Реалы» төлейді. Еске сала кетелік, Бэйл бұған дейін «Тоттенхэм» сапында 2007-2013 жылдар аралығында ойнаған.

31 жастағы Бэйл «Реал» сапында 2013 жылдан бері ойнайды. Ол клуб сапында 251 матч өткізіп, 105 гол соққан және 68 нәтижелі пасы тағы бар. Жалпы, корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер