Әлем футболы

ПСЖ Мбаппені қаншаға сататыны белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2020/21 маусымының соңында ПСЖ-дан кетпек. Бұл туралы The Sunхабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, 21 жастағы ойыншы команда басшылығына келесі маусымда басқа клубта ойнағысы келетінін айтқан. Футболшы Ла Лига мен Премьер-лигаға жол тартпақ.

ПСЖ үздік ойыншыларының бірін кем дегенде 325 миллион еуроға сатуды көздеп отыр. Бұдан арзанға Мбаппені жібермейді.

Бұған дейін франциялық футболшы ПСЖ-ның келісімшартты ұзарту туралы ұсынысынан бірнеше рет бас тартқаны хабарланған. Қазіргі келісім 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер