Жеңіл атлетика

Дмитрий Карпов: Қысқы маусымға дайындықты бастаймыз

Дмитрий Карпов: Қысқы маусымға дайындықты бастаймыз
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрама командасы оқу-жаттығу жиынын бастауға дайындалуда. Бас бапкер Дмитрий Карповтың айтуынша, жаттығу жиынының негізгі мақсаты қысқы мауымға және де олимпиадалық нормативті орындауға дайындалу.

"Ұлттық құрама оқу-жаттығу жиындарын 20 қыркүйекте Өскемен қаласында бастайды. Жаттығу жиынына келместен бұрын спортшылар өз өңірлерінде ПТР-тестін тапсырып, арнайы рұқсат алады. Бірінші жаттығу жиынымызды сәтті өткізгеннен кейін жағдай жақсы болса, шетелде жаттығуымызды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, Түркияда халықаралық оқу-жаттығу жиынын өткізуді көздеудеміз. Ол жақта жеңіл атлетиканың барлық түріне арналған жабдықтар бар. Биылғы жазғы маусымның аяқталғанын ескерсек, біз қысықы кезеңге дайындықты қазірден қолға алуымыз тиіс. Мақсат - 2021 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының нормативін орындау. Сондықтан, біздің Қазақстаннан тыс, шетелде жаттығуды тоқтатпай жалғастырғанымыз бастағанымыз абзал", - дейді бас бапкер Дмитрий Карпов.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер